Масқара: Астанада науқасты соққыға жыққан дәрігер жұрттың ашуына тиді (видео)
Астананың Орталық темір жол ауруханасының бас дәрігері желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді
Күні кеше әлеуметтік желіні шулатқан бейнежазбада дәрігер онсыз да әзер тұрған науқасты балағаттап, теуіп тастағанын көруге болады. https://www.instagram.com/p/BocKYVbnCm3/?utm_source=ig_web_copy_link Әуел баста бұл қайда болғаны белгісіз болғанымен, Ішкі істер департаменті оның Астана қаласында болғанын растады. Оқиға Астанадағы Орталық темір жол ауруханасында болған. “Қазанның 1-нен 2-не қараған түні ауруханаға басы жарақаттанған науқас келіп түсті. Оны кезекші нейрохирург қарады. Науқас мас күйінде болды. Өзін дұрыс ұстаған жоқ. Дәрігергер қарауынан соң үйіне жіберілді”, – дейді Орталық темір жол ауруханасының дәрігері Сергей Демочкин брифингіде. Айтуынша, науқас бірнеше сағаттан соң қайта келіп, медбикеден телефонын талап етті. “Бұл уақытта кезекші терапевт болды. Мас науқас кезекші дәрігерден телефонын талап етті. Телефонның өзінікі екенін айтты. Науқас балағат сөз айтып, дәрігерді төбелеске шақырды. Ол өзінің спорт шебері екенін айтып, дәрігерді ұрып жіберді. Екінші рет ұрғанда дәрігер оны итеріп жіберді. Науқас еденге құлап қалғанда дәрігер өзін ұстай алмай оны теуіп жіберді”, – дейді бас дәрігер. Іс материалы қалалық ІІД-ге жіберілді. Ішкі тергеу жұмысы жүріп жатыр. Дәрігерді медициналық этиканы бұзғаны үшін жұмысынан шығармақ. Ол ауруханада 3 жыл жұмыс істеді. Өзі 26 жаста.