Қонаққа барудан қалдым: 91 тобына тиіскен Зайытовты үйіне кіргізбей жүрген кім?
"Ninety one" тобына "тиіскен" айтыскер, ақын Ринат Зайтовты достары қонаққа шақырудан қалған
Айтыскердің айтуынша, достарының балалары сүйікті тобын жамандаған Зайытовты жақтырмайтын болған.
"Жолдастарымның балалары ұнатпайды. "91" тобын жамандадың дейді. Қонаққа барудан қалдым. Жақындатпайық" дейді екен", - деп әзілдеді Зайытов.
Естеріңізге сала кетейік, айтыскер осыдан бірнеше жыл бұрын 91 тобының жігіттеріне сыни пікір айтып, кәрістерге еліктеген оларға тез арада образдарын өзгертуге кеңес берген.