Басты жаңалықтар

Санасыздар: Еденді ақшамен сүрткен қазақстандық оқушылар көптің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде оқушылардың мектеп еденін ақшамен сүртіп жатқан видеосы таралды. Мұны көрген желі қолданушылары оқушыларды сынап тастады

Аталмыш видеода оқушылар күліп, еденді 1000, 2000 теңгелік ақшамен сүртіп жатқаны көрініс тапты. Көпшілік балалардың бұл әрекетін ерсі санап, оларды аяусыз сынап тастады.

https://www.instagram.com/p/BodYfgJB0uD/?utm_source=ig_web_copy_link "Санасыздар, бұл ақшаны ата-анасы терлеп табады ғой", "Ұят деген жоқ. Қағаз ақшада мемлекеттік рәміздер тұрғанында шаруасы да жоқ қой", "Масқара біздің болашағымыз осындайлардың қолында ғой" , - деп жазуда оқырмандар