Ақтөбелік КВН құрамасы ойыншысының ісіне қатысты сот үкімі шықты
3 қазан күні төрт баланың әкесі мен ақтөбелік КВН құрамасының бұрынғы ойыншысы Данияр Әлімбаевтің ісіне қатысты сот басталды
Кінәлі деп танылған 20 мен 22 жас аралығындағы сотталушыларға марқұмның достары мен туыстары өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын беруді талап еткен.
Алайда сот тек бір күдікті, яғни пышақ сұққан Әлімбаевты ғана кінәлі деп таныған . Ал қалған екеуіне бұзақылық және марқұммен болған төбелес сынды айыптар тағылған.
Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы Данияр Әлімбаев шілдеде Ақтау караоке-барларыныі бірінде көз жұмған еді. Артынша оны өлтірген деп күдіктелген азаматтар қолға түскен болатын.
Бұл істе КВН-шінің отбасына қолдау көрсету үшін оның жақын достары келген. Олар Бас прокуратураның бұл істі өз қадағалауына алуын сұрайды.