Мақтанып тұрдым: Қайрат Нұртас мектеп жиналысында болған қызықты жайттар туралы айтты
Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас жұмыс кестесінің тығыздылығына қарамастан мектеп жиналыстарына барып жүреді екен
Айқын Төлепбергенге ең көп қойылатын сауалдар алғашқы жанұясына байланысты бірінші жарымен, одан туған балаларымен ара-қатынасы жайлы көп сұрайды. Өнер иесі бос уақытын балаларына арнағанымен, олардың сабақ үлгерімінен хабарсыз екен жасырмады. Себебі бұл істі балалардың анасына тапсырған. “Ата-аналар жиналысына анасы қатысады. Оның үстіне қазір ата-аналар жиналысы деген көп емес қой. Уатсапта чат бар. Бәрі чат ашып алған. Ата-аналардың барлығы сол чаттың ішінде бүкіл мәселелерді шешіп отырады”, – дейді Айқын. Алтынай Жорабаева болса, мектеп жиналысына үлгермеген кездері көп болады екен. Сол жағдайда, жиналысқа өзінің көмекшісін жібереді. Айтка кетейік, бүгінде әншінің төрт қызы да мектепте оқиды. Тұңғышы алдағы жылы түлек атанса, кенжесі бастауыш сыныпта білім алып жүр. “Бара алмай қалған уақытта үйде көмекшім бар. Сол барады. Болмаса мұғалімдерінен сұрап аламын. Ол жерге мен бармай, сізден хабарды білуіме бола ма деймін. Иә, мынадай, мынадай тақырыпта болады дейді. Болды!” – дейді Алтынай. Ал отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас болса, жұмыс кестесінің тығыздылығына қарамастан, міндетті түрде балаларының сабақ үлгерімін қадағалап жүреді екен. “Әке болып мектепке бардым. Ең жас болып тұрдым шіреніп. Мақтанып. Маған өзіме де сондай бір басқаша болды. Әкелердің қасында әке болып тұрған кезде өзім қуандым. Ойланып қалдым шынымды айтсам”, – дейді хитмен.р