Адам етінен тұшпара жасаған: Қазақстандықтардың төбе шашын тік тұрғызған маньяктар туралы не білеміз?
- автор kyn.kz
- 4 қазан, 2018
- 225
Николай Жұмағалиев тек Қазақстан емес, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей халқын ондаған жылдар бойы қорқытып келген болатын.
Ол алғашқы құрбанын Ұзынағаш-Майбұлақ тас жолында ұстап алып ,тамағын кесіп жіберген. Осылайша, оның қанын сіміріп, денесін бөлшектеп, сөмкесіне салып алған.
"Бір рет ет турағыштан етті өткізіп, тұшпара да жасағанмын. Өзім ғана жедім, ешкімге бөліп бермедім",- деді Жұмағалиев.
1979 жылы ұзынағаштық адам жегіш тағы бес адамды өлтірген. Ал 1980 жылы ол дос қызын өз үйінде бөлшектеп тастапты.
Қазір Николай Жұмағалиев Қазақстандағы психиатриялық ауруханада жатыр. 2014 жылы оның 10-шы құрбаны анықталған.
Халықтың үрейін ұшырған адам жегіштердің қатарында Сергей Копай, Евгений Турочкин және Михаил Вершининнен құралған "Санитарлар бандасы" да бар.
Копай сыбайластарымен жындыханаға жұмысқа кіргенде танысқан. 90-жылдардың соңында олар Алматыда адамдарды өлтіріп, артынша олардың еттерін жеген.
Бұл үштіктің құрбандары жеңіл жүрісті қыздар болған. Олар бойжеткендерге есірткі беріп, оларды зорлаған. Артынша денелерін бөлшектеп, жеп отырған. Қылмыскерлер олардың еттерінен тұшпара жасап, қалған қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастап жүріпті.
Бірде адам жегіштердің пәтерінен қашып шыққан қыз полицияға мән-жайды айтып берген. Осылайша, үш қылмыскер ұсталыпты.
Тексеріс нәтижесінде олардың жеті қызды өлтіргені анықталған. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сергей Копай түрмеде ауырып, көз жұмса, қалған екеуі "Қара бүркіт" калониясында жазасын өтеп жатыр.