Қытай қазақтары Жорабаеваға жылап тұрып қазіргі жағдайларын айтты
Аспан асты еліне арнайы шақыртумен барған Алтынай Жорабаева басынан өткен қызықты жайтты баяндады
Алтынай Жорабаева Қытайға барған арнайы сапарында әйгілі “Астана” әнін орындапты. Сондай-ақ, әнші қытай тілінде тағы бір туындыны шырқапты. “Бір таңғалғаным, сол әнді орындап, киімімізді ауыстырып, шай ішіп, есіктен шығып келе жаттым… Онда концерттің біткеніне 1,5 сағаттай уақыт өтіп кеткен. Шықсам, сыртта 60-70-ке жақындаған қариялардың бәрі мені күтіп тұр. Сөйтсем сол кісілермен құрдас әнші орындап кеткен екен, ол буддаға кіріп, бұл ән айтылмай қалған екен. Моңғолиялық қытай Хан Хунг орындап, Әділ Сламхан даусыңа жақсы келеді деп ұсыныс білдірді. Сөйтсек бұл әнді ешкім бұлай айта алмаған екен. Оған тілімді бұрап, бір ай дайындалдым. “Жастық шағымды еске түсірдің” деп қолымды сүйіп жылап жатыр. Ең бақытты сәттерімнің бірі деп айта аламын”, – дейді Жорабаева.