Назарбаев: Мұғалімдер мәртебесін қорғайтын заң әзірлеуіміз керек
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұстаздардың мәртебесін қорғайтын заң қабылдау қажеттігін мәлімдеді
"Ұстаздар мәртебесі" жайлы заң әзірлеуді тапсырамын. Ол мұғалімдерді басқа жұмыспен айналысудан қорғау керек. Қазір бізде қалай, мұғалімдер қалай? Көшеде аулада сыпырып жүреді, сенбілікке шығады. Бұл жұмыс үшін, оларға бір тиын да төленбейді. Оларды мұндай жұмысқа жегуге болмайды, олар жастарға білім беретін адамдар, сабақтарына дайындалу керек»,-деді Нұрсұлтан Әбішұлы.