Назарбаев отандық шенеуніктердің жұмысын сынға алды
Назарбаев: Жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелдік мамандарды жалдаймын
"Солтүстік Қазақстанда Зенченко шаруашылығы барлығын өсіріп шығарады. Солтүстік Қазақстанда! Оларда қажетті көкөністер: картоп, сарымсақ, қызанақ және тағы да басқалары. Бізде жер де, мамандар да жеткілікті. Қолға алайық!" , - деді мемлекет басшысы.
Оған қоса, елбасы елімізде көпті көргендерді ауыл шаруашылығы саласына тарту тәжірибесін қолға алу керек екенін айтты.
"Сингапур кезінде зейнетке кетіп қалған жапондықтарды басшылық қызметке тағайындау үшін бүкіл әлем бойынша іздеді. Ал бізде? Air Astana-ны ағылшын, Назарбаев университетін жапон азаматы басқарып отыр.
Егер жөнді жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелден адам аламын" , - дейді Назарбаев.
Елбасы тәжірибені интернеттен-ақ қарап, болмаса шетелдік мамандарды мастер-класстарға шақыртып алуға болатынын жеткізді.
"Қандай қиындық туындауда? Шақырыңдар да, төлеңдер. Жаппай білім алу жүйесін құруымыз керек. Алдағы үш жылға үкіметке осы мақсаттарға қол жету үшін және ғылым саласына қосымша 100 млрд теңгені қарастыруды тапсырамын" , - деді президент.