Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ішімдік, маңызды тұлғалармен кездесу, жеке аспаз: Ермегиявтың түрмедегі жағдайы туралы не білеміз?

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтың түрмедегі өмірі қандай болғаны анықталды.

05.10.2018
0
Ішімдік, маңызды тұлғалармен кездесу, жеке аспаз: Ермегиявтың түрмедегі жағдайы туралы не білеміз?

ЕЦ 166/10 елордалық мекеменің қызметкерлері Талғат Ермегияевтың абақтыда жазасын қалай өтегені туралы бар шындықты ашты.

Белгілі болғандай, абақты басшысы өз өкілеттілігін асыра пайдаланып, шенеуіктің жағдайын жасап отырған. Бұл туралы, түрме бастығының ісі қаралған сот отырысында куәгерлер мәлімдеді

Сот отырысы барысында, куәгерлер «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы түрмеде ішімдікті оңайшылықпен алып отырғанын да жайып салды. Олардың айтуынша, өзінің көп уақытын Ермегияев кітапхана мен кездесу бөлмесінде өткізген.

Ермегияевпен кездесуге көбінесе қымбат маркалы көліктермен «маңызды тұлғалар» келіп тұрған. Олар аптасына кемінде екі мәрте келіп, сотталушыға керек нәрселерін жеткізіп отырған.

Оған қоса, Ермегияев қосымша ақы төлеп, өзіне жеке тамақ әзірлеткізіп және бөлмесін жинатып тұрған.

Анықталғандай, жақын арада өз шенін асыра пайдаланғаны үшін айыпталып жатқан абақты басшысына қатысты сот отырысында ол да жауап беретін болады.

«Ермегияевқа маңызды тұлғалар жиі келіп тұрды. Бір сөзбен айтқанда бостандықта сияқты өмір сүрді. Оның қал-жағдайын біліп кететін адамдар келмес бұрын түрме басшысы Мұсаев қалған сотталғандарды өндірістік алаңнан жасаққа жіберетін. Бұл әрекетін артық ешкім көрмес және білмес үшін жасады» , — дейді Байқоңыр аудандық сотының судьясы Айнұр Күлбаева.

Айта кетейік, Астанада Ермегияев жазасын өтеп жатқан түрме басшысына қатысты іс қозғалған. Ол өкілеттілігін асыра пайдаланып, шендіге жағдай жасағаны үшін айыпталуда.

Оған қоса, Ермегиявқа абақтыға телефон мен ішімдік үнемі жеткізіліп отырғаны туралы мәлімдеген болатынбыз.

Бөлісу9Твит6
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3796 бөлісу
    Бөлісу 1518 Твит 949
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6316 бөлісу
    Бөлісу 2526 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1105 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1079 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    454 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.