Ақтөбеде сыйлық алудан бас тартқан мұғалімдер көпті таңғалдырды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арқасында, "Мен сыйлық алмаймын" акциясы жарияланып, мектепте ақша жинау тоқтатылмақ
Осыдан бірнеше күн бұрын желіде Ақтөбенің білім беру басқармасының қызметкерлері оқушылардың мұғалімдерін құттықтаған видеосын жариялаған. Ондаа оқушылар мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай сынып жетекшілеріне тосын сый жасап, күтпеген сыйлық бермекші болады. Бірақ, сценарий бойынша мұғалім ол сыйлықтар бас тартады. Оның сөзінше, ол үшін ең бастысы – оқушыларының жетістігі болмақ. Іс тек бір ғана видеомен шектелмейді. Ұстаздар күніне орай, ақтөбелік мұғалімдер бұл жолы өздеріне жасалған материалдық сыйлықтардан шын мәнінде бас тартуға шешім қабылдады. Олар, тіпті бұл жайлы әрбір ата-анаға жеке хабарлап, құлақтандыруға да ерінбеді. «Біз мектепте ата-аналар қауымдастығы шақырылған ата-аналар жиналысын өткіздік. Онда біз мұғалімдер күніне ешқандай сыйлықтар болмасын деп бірден ескерттік»,- дейді Ақтөбе қаласындағы №1 мектеп директорының орынбасары Светлана Сұбханқұлова. Ақтөбе мұғалімдерін осындай шешім қолдануға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері итермелеген екен. Бұл ұйым «сыйлық алмаймын!» деген атпен ерекше акция жариялапты. Департаменттегілердің айтуынша, оларға жиі мектептерде ақша жинау туралы шағым түседі екен. Сондықтан, олар осындай ерекше әдіспен әдеттен тыс статистиканы түзеуге шешім қабылдаған. «Сыйлықтар немесе басқа да материалдық сыйақы алған жағдайда мұғалімге сексен есе айыппұл салынады, сондай-ақ оларға қатысты басқа да жаза қолданылады», деді Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Ербол Толыбаев. Бірақ бұл шара халықты қатты таңдандырмады. Ақтөбеліктер бұны бірдей қабылдамады. Біреуі сыйлықсыз мерекенің мәні жоқ деп ашуланса, екіншісі бұл тек көзбояушылық әрекет деп санайды.