Басты жаңалықтар

Тұрмысқа шығып қателік жасадым: Баян Алагөзова өз өміріндегі өкініші жайлы айтты

Танымал отандық продюсер бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев туралы естеліктерімен бөлісті.

Баян Алагөзованың айтуынша, бұрынғы күйеуі Бақытбек қызына барлық әкелік міндетін атқарған. “Ол жақсы әке, жақсы жар болды. Бірақ жақсы көру-жақсы көрмеу, бірнәрсені қалау немесе қаламау деген түсінік бар ғой. Бұл біздің жақсы бола алмауымыздың себебі. Мен оған аяқ астынан тұрмысқа шығып қателік жасадым”, – дейді ол. Продюсердің айтуынша, жас кезінде тұрмысқа шығуының өзіндік себептері болған. Алайда оны жария етуді жөн көрмеді. "24 жыл бұрын дұрыс шешім қабылдамаппын. Оның өз себебі бар. Бірақ айтқым келмейді. Керемет кездер мен еске алатын жақсы естеліктер бар. Өткен өмірім бақытсыз болды деп айта алмаймын. Ол мені қатты жақсы көрді. Сол махаббат мені тұншықтырып тастады, – деді Баян.