Ғалымдар бақытты жұп болудың басты құпиясын анықтады
Ғалымдардың анықтауынша, егер жұптар «біз» деген есімдік сөзін жиі қолданса, олардың қарым-қатынасты сау деп айтуға болады
Зерттеуге 5300 адамға жуық жұп қатысқан екен. Мамандардың байқауынша, «біз» сөзін қолданған жұптар басқаларға қарағанда бақыттырақ болған. «Бұл ортақ жақсылық пен түсініспеушіліктің белгісі», – деп атап өтті зеттеудің авторларының бірі Александр Каран. Бір-біріне тәуелді болу дұрыс қарым-қатынастың көрсеткіші болып саналатынын айтқан зерттеуші жұптардың бір-бірін қолдау кезінде тәуелділік әсер ететінін мәлімдеді. 1950 жылдары шыққан қарым-қатынас теориясына сәйкес мұндай жұптар бір-бірін жақсы түсінеді және сезінеді екен. Зерттеуге қатысқан некеде тұрған жұптарға өздерінің отбасын бес критерияға сай бағалауды ұсынды: қарым-қатынас нәтижелері, оның сипаты, жанының саулығы, дене бітімінің саулығы, өз-өзін ойлау. Зерттеудің нәтижесі бойынша жеке басын ғана емес, жұптарының қарым-қатынасын «біз» деген адамдар өздеріне жоғары баға берген. Бұл жастарына және жыныстарына қатысты болмаған. Ғалымдардың айтуынша, «біз» деген сөзді арнайы қолданғандар қиын жағдайларда отбасының қарым-қатынасын жақсарта алады.