Хабиб Нурмогамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Макгрегорды жеңді
Бүгін 7 қазан күні Лас-Вегастың T-Mobile Arena-да орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор (21-3) және қазіргі ресейлік чемпион Хабиб Нұрмағамедовтың (26-0) қатысуымен аралас жекпе-жектің UFC 229 кеші өтті.
Аталған шайқаста дағыстандық жауынгер Хабиб Нұрмағамедов жеңіске жетіп, чемпион атанды. Бірінші раунд басталғанда Макгрегор өте сауатты қорғанды. Алайда ол алғашқы сәтте жақсы қорғанғанымен, Хабиб өз дегенін істей алды. Бірақ, екі жауынгер де бірінші раунда ыңғайлы позиция қолдана алмады. Хабиб қарсыласын қыспаққа алғанымен, соққы жасалмады. Айқас басталысымен Конор қарсыласының астынан шыға алмай, соққыға жығылды. Екінші раунда да Хабиб уәде еткеніндей өте тамаша өнер көрсетіп, қарсыласын мүлде қозғалтпай, соққы астына алды. Ал, бұрынғы чемпион Макгрегордың қарсылық көрсетуге мүлде мүмкіндігі болмады. Хабибтің қимылы мен тактикасына қарап-ақ, оның өте жақсы жаттыққанын түсінуге болады. Қашанда сабырлы, әрі белсенді жауынгер барлық раунда Макгрегорды тапжылтпады. Үшінші раунда барлығы 1 нокаут, 99 соққы жасалды. Төртінші раунда Хабиб тағы да белсенді әрекет етті. Қызықты, әрі ұзақ айқас өткізуге уәде берген дағыстандық жауынгер қарсыласын қылқындырып, тізе бүктірді. Осылайша, Хабиб төртінші раунда Конор Макгрегорды жеңіп, UFC-дің чемпион атағын қорғап қалды. Бірақ, Хабиб Нұрмағамедов кенеттен көрермендердің біріне ашуланып, күрес алаңынан секіріп шығып, өзіне тіл тигізгендерге тап берді. Көптен күткен айқас аяқ-асты жаппай төбелеспен аяқталды. Тіпті, жеңімпаз мараппаттау рәсіміне қалып, чемпиондық белбеуін де алмай кетті. Айта кетейік, Хабиб Нұрмағамедов сәуір айында америкалық жауынгер Эль Яквинтаны (13-4-1 жеңіп, UFC-тің жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды. Ол өз мансабында 26 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Бүгінгі маңызды жекпе-жекте де Хабиб жеңімпаз екенін дәлелдеп, 27-ші жеңісіне жетті. Ал, Конор Макгрегор 2016 жылдың қараша айынан 2018 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде осы бөлім бойынша чемпион болған. Ирландиялық соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың қазан айында өткізді. Ол кезде жауынгер америкалық Эдди Альваресті (29-6-1) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Өз мансабында 21 рет жеңімпаз атанған ирландиялық жауынгер осымен төртінші рет жеңіліс тапты.