Жазира Байырбекова елдің алдында сүйіскен Ақбота мен Дәуренді ұрысты (фото)
Жазира: Қойыңдар-ай, ұят болады
Шетелде түсірілімде жүрген Ақбота мен Дәурен Айдарқұлов елдің алдына бірін- бірі тура еріндерінен сүйіп тұрған суреттерін жариялады. Көпшілік оларға әдепсіз қылықтары үшін реніштерін білдіріп жатты. Кей кісілер жастарға не істесе де жарасатынын айтқан. Танымал әнші Жазира Байырбекова мына суретке қатысты "Қойыңдар-ай, ұят болады" деп жазды. Жұрт Жазираның айтқан тыйымына алғысын білдіріп жатты.