Басты жаңалықтар

Жекпе-жек соңында екі спортшы да алаңнан қуылды (видео)

Жекпе-жек ұйымдастырушылары кездесу жеңімпазын спортшылардың қатысынсыз атады.

Конор Макгрегор мен Хабиб Нурмагамедов арасындағы жекпе-жек рсесейлік спортшының жеңісімен аяқталған болатын. Алайда, марапаттау шарасының алдында үлкен текетірес орын алып, екі спортшы да алаңнан қуылды.

Хабиб Нурмагамедов жекпе-жектен кейін сегізбұрыш ішінен жанкүйерлерге қарай секіріп шығып, үлкен төбелес ұйымдастырды. Екі спортшының жақтастары да бір-бірімен жұдырықтаса кетіп, ақыр-соңы бәрі алаңнан қуылды.

Жекпе-жек ұйымдастырушылары кездесу жеңімпазын спортшылардың қатысынсыз-ақ атады. UFC орын алған жағдайдан кейін спортшыларға қатысты қандай жаза қолданатыны әзірге белгісіз.