Тағы да үздік атанды: Отандық актрисса Самал Еслямова халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы болды (фото)
Түркияның Анталья қаласында бесінші қазан күні 55-ші халықаралық кинофестивалінің үздіктері белгілі болды
Осыған дейін Канн кинофестивалінде ең үздік актриса атағын жеңіп алған Самал Еслямова тағы да үздіктер қатарында. Түркияның Анталья қаласында 5 қазан күні өткен 55-ші халықаралық кинофестивалінде "Жылдың ең үздік актриса" атағы "Айка" кинокартинасында басты рөлді сомдаған қазақстандық Самал Еслямоваға бұйырды. https://www.instagram.com/p/BolsaSCDL0_/?utm_source=ig_web_copy_link
Айта кетейік, фестиваль аясында 10 картинаға баға берілген. Ең үздік фильм атағын ирандық Джафар Панахи жеңіп алды. Оның "Три лица" туындысы ең үздік фильм болса, ал жылдың ең үздік актері деп "Капернаум" фильміндегі рөлі үшін Заин аль-Рафеа танылды.