Желге ұшқан ақша: Елордалықтар қаладағы жаңа аялдамаларды сынға алды (фото)
Астанадағы Байқоңыр ауданында салынып жатқан жаңа аялдамалар елордалықтарға жақпай қалды. Тұрғындардың айтуынша, бұл қаражатты қажетті дүниеге жұмсау керек еді
https://www.instagram.com/p/BoZSBcZHjCT/?utm_source=ig_web_copy_link Мәселен "Самал" ықшамауданындағы "Bus" деген жазбасы бар аялдама, "Сарыарқа" даңғылының бойында күннің суытуына орай, "қызыл қалпақты" аялдама салынған еді.
Десе де, астаналықтарға қала билігінің мұндай бастамасы ұнамаған. Олар ақшаны аялдамаға жұмсамай, тілім-тілім болған жолдарға неге пайдаланбады деген уәждерін айтты.
"Міне, қаланың сол жағалауындағы "Керуен" сауда орталығының жанынан мынадай аялдама соғып жатыр. Мәнісі неде? Жап-жаңа, тиянақты аялдама бұл жерде бұрыннан тұр. Егер қаланың басқа аудандарындағыдай сыртқы пішіні басқа аялдама болса, бір сәрі",
"Бір-бірінен аумайтын, тек бір метр ары аялдама тұрғызғаннан не пайда? Айтыңыздаршы? Ақшаны текке жұмсау ғой? Мен қалада жолдары төселмеген талай көшелер мен аудандарды білемін. Одан да сол қаржыны неге сонда жұмсамайды?", - деп ашуын білдірді қала тұрғындары.