Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Нурмагомедовтың әкесі ұлын UFC ұйымынан да қатаң жазалайтынын айтты

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі бапкері спортшыны UFC (Ultimate Fighting Championship) ұйымына қарағанда қатаң жазалауға уәде берді.

08.10.2018
0
Нурмагомедовтың әкесі ұлын UFC ұйымынан да қатаң жазалайтынын айтты

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов ұлын жазалайтыны жайлы «Известияға» берген сұхбатында айтты деп жазды Sputnik басылымы.

Абдулманап Нурмагомедов шәкіртінің жекпе-жекті алғашқы раундтарда-ақ аяқтауға мүмкіндігі болғанын атап өтті – Хабиб жекпе-жектің алдын ала әзірленген тактикасын қатаң ұстанған.

Ол МакГрегорды жеңгеннен кейін болған оқиғаға түсініктеме бере келе, бапкер ретінде командадағы өте қатаң тәртіпті әрқашан қолдайтынын және ұлының әрекеті жөнсіз екенін мәлімдеді.

Үлкен Нурмагомедов өзінің ұлына қарсы санкциясы UFC ұйымының жазасынан да қатаң болатынын айтты. Бапкердің пікірінше, жекпе-жек шебері сегізбұрыштың ішінде не істесе де жарасады, алайда одан шыққаннан кейін қоршаған ортаны ұмытпау керек.

«Мен тіпті МакГрегорға жұдырық ала жүгірген Тухугов, Абдубакар, Резван, Эседулла Эмирагаевті айыптамаймын, өйткені барлық төбелес төртбұрыштың ішінде өтті.

Ал төртбұрыштың сыртындағы төбелеске түбегейлі қарсымын»  — деген Абдулманап Нурмагомедов команданың басшысы ретінде өзіне жауапкершілік алатынын жеткізді.

Өткен демалыста Лас-Вегаста ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасында жекпе-жек өтті. Ресейлік ирландиялықты төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы титулын қорғап қалды.

МакГрегор мен Нурмагомедовтың текетіресі мұнымен біткен жоқ. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін спортшылар мен олардың командалары арасында төбелес шықты. Салдарынан  Нурмагомедовтың гонорарын төлеу тоқтатылды, ал титулдың тағдыры не болатыны әзірге белгісіз. Ресейлік чемпиондық белбеуін бірнеше сағаттан кейін ғана алды.

Нурмагомедовтың айтуынша, төбелеске МакГрегордың діні мен еліне, отбасына тіл тигізуі себеп болған. Кейінірек чемпион Невада штатының  Атлетика комиссиясынан кешірім сұрады.

UFC басшысы Дэйна Уайт болған оқиғадан қатты көңілі қалғанын атап өтіп, ресейлікті титулынан айыру мәселесі қаралуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Бөлісу8Твит5
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6022 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1377 бөлісу
    Бөлісу 551 Твит 344
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.