Танымал отандық актер Артур Төлеповтың жары сүйіктісімен қалай танысқанын айтты
Жұптың таныстығы 2017 жылдың шілде айында басталды. Және сол жылы актер жігіт сүйген қызы Мәдинаға інісі Асылханның тойында сөз салды
Мәдина Төлепова жары Артурмен қалай танысқанын айтып берді. “2017 жыл, Алматы қаласы. Әсем қаламыздың тойxаналарының бірінде, жұмыс істеп жүрген кезім. Өзімше администратор деген атым бар. Шілденің 1-і кезекті той өтуде. Ары-бері үлгере алмай жүрсем, Артур жаныма келіп, шәй болады ма деді. Негізі даяршының баратын орны ғой. Өзім шауып кеттім. “Иә, болады” деп. Бір шәйнек шәй алып келдім, сол кезде 5 минуттай сөйлесіп қалдық. Содан басталды таныстық”, – дейді Мәдина Төлепова. Қос ғашық бір-бірін бір көргеннен ұнатқан ұқсайды. Төлепов көзі түскен арумен танысудың жолын тапса, қарағандылық ару да кетәрі еместігін білдірген. Кейін арада небәрі 4 ай өткен соң Артур Мәдинаға дүйім жұрттың көзінше сезімін білдірді. Ол інісі Асылханның тойында сүйген қызына ұсыныс жасады. Ал қос ғашық биылғы жылдың маусым айында шаңырақ көтерді.