Басты жаңалықтар

Жуынды ішіп жүр: Түркістан облысында әкесінен қорлық көрген жетімдердің жағдайы жұртты дүр сілкіндірді

Анасынан ерте айырылған балалар туған әкесі мен өгей шешесінен қорлық көріп отыр. Олардың бүгінгі жағдайы туралы нағашы әжесі ашық айтты 

Балалардың нағашы әжесі Гүлбахордың айтуынша, оның қызы көзі тірісінде күйеуінен таяқ жеп, әбден азабын тартқан.  Жағдайы нашарлап қалған кезде, балаларын анасына аманат етіп қалдырған. Ал 2013 жылы  қатерлі ісік дертінен көз жұмған.