Оралдық студент өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионы атанды
Оралдық Роман Андрющенко өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша үздік таңылып, әлем чемпионы болды
Болгарияның Варна қаласында, Қара теңіз жағалауында жастар мен жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша VIII әлем чемпионаты өтті. . Жарыс мұнараның екінші және үшінші қабаттарына апаттық сатысымен көтерілу, 100 метрлік тосқауыл жолын бағындыру, 4×100 метрлік өрт сөндіру эстафетасын жеңу және өрт сөндіру сорғысынан жауынгерлік өрістету яғни, төрт түр бойынша жүргізілді. Ал, оралдық Роман Андрющенко жауынгерлікті өрістетуден ең жақсы нәтижесін көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Ол Оралдағы «Газ, мұнай және өндірістік технологиялар» колледжінің бірінші курс студенті. Сондай-ақ, жас чемпион өрт сөндіру-құтқару спортымен айналысады.