Бекбаева өтпелі кезеңдегі қызының кірпияздығына қалай төтеп беретіні жайлы айтты
Танымал отандық тележүргізуші Мая Бекбаева қызының өтпелі кезеңімен қалай күресетінін ашық айтты
"Қызым көп уақытын ата-анасынан гөрі достарымен өткізеді. Олардың пікірі қызым үшін беделді. Киіну силін өзгертіп, менікін де үнемі сыңға алатын болды. Кеше ғана қызығып қарап жүрген заттар бүгін ол үшін мүлдем қызық емес болып қалды. Көңіл-күйі жиі өзгереді. Иә, менің қызымда өтпелі кезең. Бұл өте қиын. Ата-аналарға бар айтар кеңесім: максималды түрде шыдамды болыңыздар, балаңызбен көбірек әңгімелесіңіз, тыйымды азайтып, сынға алуды доғарыңыз. Күнде балаңызды қалай жақсы көретінін айтыңыз. Мысалы мен өзімнің Айлиніме "Мен сені жақсы көрем. Мен сенің лайықты, жауапты, өмірге бейім болып өскеніңді қалаймын. Сенің өзінің құқығың мен міндеттерің бар. Мәселен, біріншіден, сен міндетті түрде ыдыс жууың керек; екіншіден, аптасына бір рет отбасыға тамақ пісіруің керек; үшіншіден, сен өзіңнің бөлмең мен киім-кешек салынатын сөрелеріңді тазалықта ұстайсың. Міндеттерді орындамаса, смартфонға белгілі бір уақытқа тиым салынады. Негізі бұл шынымен, жұмыс істейді. Бастысы бұл іске шыңдап кірісіңіз. Себебі, бала сіздің қалжыңсыз, шын айтып отырғаныңызға сенімді болу қажет",- деді Мая.