Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында құлдықта жүрген өзбекстандық ерлі-зайыпты басынан өткен сұмдық жайттарды жайып салды

Жамбыл облысында құлдықта жүрген өзбекстандық ерлі-зайыпты  басынан өткен сұмдық жайттарды жайып салды
ашық дереккөз
Жамбыл облысында жергілікті фермердің қол астында құлдықта жүрген өзбекстандық ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар жарты жылдан бері соққыға жығылып, мал баққандары үшін тіпті еңбекақыларын да алмаған
Бұл оқиға Жамбыл облысы Түймекент ауылында болған. «Әйелім екеумізді ұрып-соқты. Ал 25 тамызда біз қашып кеткендіктен және сиырлар жоғалды деген сылтаумен тіпті бізді таяқтады»,- деп шағымданды Расулжан Шәріпов есімді өзбек азаматы. Бұған дейін да мұнда жұмыс істеп келген ерлі-зайыптылардың айтуынша, биылғы жылы ферма қожайындары адам танымастай өзгеріп, қаһарланып алған. Олар ерлі-зайыптылардың құжаттарын тартып алып, жалақы берудің орнына ұрып-соғып, тіпті елінде қалған балаларына да қоңырау шалуға рұқсат бермеген. «Менің кәмелеттік жасқа толмаған екі балам және анам бар, үлкен балам– 15 жаста. Олардың ондағы жағдайын, не істеп жүргендерін білмеймін. Мен тіпті, не істеу керектігін білмеймін. Бізге ешкім көмектеспейді»,-дейді құлдықта жүрген Расулжан Шәріпов. Алайда түскен шағымға келген полиция қызметкерлері, ерлі-зайыптының куәліктері жоқ екенін айтты. Осылайша, өздерінің құлдықта жүргендерін айтқан ерлі-зайыптылар елде заңсыз жүрген болып шықты. Ерлі-зайыптылар көші-қон бақылауын бұзғаны үшін 30 күн бойы тұтқынға алынды. Содан кейін олар елден қуылады. Енді оларды жұмысқа тартқан шаруа қожайыны да жауап береді. Бірақ, ол шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жауапқа тартылады. Ал оған салынатын айыппұл мөлшерін сот анықтайтын болады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар