Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Төреғали Төреәліні ұшаққа заңсыз кіргізгендер жазаланды

Азаматтық авиация комитеті Төреғали Төреәлінің Air Astanа әуе компаниясының ұшақ бортына заңсыз кіруіне байланысты жоспардан тыс тексеріс жүргізу нәтижесінде,  Алматы әуежайының үш қызметкерін жауапкершілікке тартты

09.10.2018
0
Төреғали Төреәліні ұшаққа заңсыз кіргізгендер жазаланды

Тексеру жұмыстары бойынша, Алматы әуежайында авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін, рұқсат етілмеген тұлғаның бақылау аумағы мен әуе кемесінің бортына заңсыз өтіп кеткеніне байланысты көрсетілген әуежай мен әуе компанияның кінәлі тұлғаларына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 570-бабының 1-тармағына сәйкес мына қызметкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

1. Рахимгереев Ринат Булатович – «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің бөлім инспекторына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге);

2. Қырғызбаев Абылай Жәрдемұлы – «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің бөлім инспекторына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге);

3. Закирова Шолпан Бекетовна – «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің бөлім инспекторына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге);

4. Абдурахипова Карина Рафаильевна – «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының жолаушыларға қызмет көрсету агентіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге);

Авиациялық қауіпсіздік шараларын бұзуды болдырмау мақсатында Азаматтық авиация комитетінің инспекторлары қауіпсіздік қызметінің басшылығы мен қызметкерлеріне әуежайдағы өткізу және нысанішілік режимі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Комитет өз жұмысында заң бұзушылықтарға төзбеу қағидасын ұстанады және алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдайларға жол берілмейді деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік, «Эйр Астана» ұшағының VIP-залына билетсіз кірген Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған болатын.

Бөлісу7Твит4
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6249 бөлісу
    Бөлісу 2500 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3154 бөлісу
    Бөлісу 1262 Твит 789
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3329 бөлісу
    Бөлісу 1332 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1603 бөлісу
    Бөлісу 641 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    890 бөлісу
    Бөлісу 356 Твит 223
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    838 бөлісу
    Бөлісу 335 Твит 210
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2414 бөлісу
    Бөлісу 966 Твит 604
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.