Отандық шенеуніктер қандай костюм киеді?
Елбасы министрлар мен депутаттарға шетелдік брендтегі киімдерді емес, отандық костюмдерді киюге кеңес берген. Ал министрлар кабинетінің мүшелері оған бағынып жүр ма?
Бұл туралы Евразия бірінші арнасы жазды. «Сіздердің үстеріңізге киген шетелдік костюмдеріңізді шешіп алсақ, жалаңаш қаласыңдар. Біздің елімізде де сапалы киім шығара алады. Мен өзім тек отандық өнімді қолданамын. Сапалы әрі он есе арзан. Өзімізді қолдау керек!» – деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Егер жоғарыдан бұйрық келіп, шенеуніктерді шешіндіріп алатын болсақ, Ерлан Сағадиевтен басқасы жалаңаш қалуы мүмкін. Білім саласындағы реформалармен басы қатып жүрсе де бас мұғалім отандық костюмді киеді екен. «Міне, отандық костьюм. QLP. Алматыда жасалған» – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Отандық өнімді қолдауға бөлінген қаржы, ел экономикасының ахуалын Ерболат Досаевтен артық ешкім білмейтін шығар. Қанша жылдан бері Үкіметтің айналасында жүр. Бірақ гардеробында бірде бір отандық киім жоқ екен. «Импорт, әлі көрген жоқпын» – деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев. «Біздің өндіріс» – деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев. «Кейбір кезде елден аламыз, кейбірде шетелге командировкаға барғанда аламыз. Енді Елбасы айтқаннан кейін біздің өндірушілерге көңіл бөле бастаймыз» – дейді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. «Мен осы жерде тігемін Астанада. Императорский дом бар ғой, сол жерде» – дейді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Нұрсұлтан Мағзомов бизнес саласы бойынша шетелде білімін шыңдапты. Жат жерде жүріп өзге жұрттың киім үлгісіндегі талғамын байқаған. Елге келген соң дәл сондай отандық бренд тауарын шығаруға бел буған. Қазір Қазақстан бойынша 10 бутигі бар. Тіпті Ресейден де ашыпты. «Мәскеуден келген кезде импорттық костьюмдердің қымбат екенін байқадық. Ал арзан бағадағы киім ұнамады. Содан соң осыны неге өзіміз тігіп алмаймыз деген ой келді. Басында он шақтысын тігіп киіп алған кезде қызыққандар, сұрай бастағандар көбейді» – дейді кәсіпкер Нұрсұлтан Мағзомов. Солардың біріне біз де барып көрдік. Костюмдердің бағасы 75 мың теңгеден басталады. Себебі, елде тігілгенімен, материал сырттан келеді. Мына тауардың бәрі отандық өнім екен. Міне, киініп шықтым. Үстімедегінің бәрі отандық өнім. Мына костюм 99 мың, көйлек 11 мың. Белбеу 12 мың, галстук 9 мыңнан басталады. Сонда тұтас киініп шығу үшін 130 мың теңгеден аса қаржы кетеді. Егер аяқ киім алсаңыз, туфлилер 37 мың теңдеген тұр. Есептей беріңіз. “Менің туфлиім де, костюмім де отанық өнім. Мен қазақстандық жеңіл өнееркәсіптің толық жарнамасымын”, – дейді елбасы Жолдауы кезінде. Президент биыл ғана емес, бұған дейін де мәселені көтеріп жүр. Бірақ Жолдауда айтылмаған соң, Үкіметтегілер аса назар аудармаған сияқты. Енді нақты тапсырма берілді. Алдағы үш жылда өңдеу өнеркәсібі мен мен шикізаттық емес экспортты қолдау үшін қосымша 500 млрд теңге бөлінбек.