Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шерхан Мұртаза айтқан «өлмейтін» ел есінде мәңгі қалатын сөздер

Жазушы: Айыр тіл жыланда ғана болады, ал адамда тіл біреу.

10.10.2018
0
Шерхан Мұртаза айтқан «өлмейтін» ел есінде мәңгі  қалатын сөздер

Абыз ақсақал, аңыз адам, ел есінде мәңгі қалар жазушы Шерхан Мұртазаның айтқан сөздері көзі тірісінде-ақ нақылға айналып, ел арасына тарап кеткен.

Бірі жазушының қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайларға арнап айтылған ойларын батылдық деп ұғынды. Жазушының тапқырлығы мен дөп басып айтатын сөздері ел есінде мәңгі жасамақ.

*Жерді сату — Анаңды сатумен тең!

*Айыр тіл жыланда ғана болады, ал адамда тіл біреу.

*Орындалған арман – бақыт, Орындалмаған арман – күйік.

*Баласыз адам — бақытсыз адам.

*Рухы мен намысы сөнген ел – өлген ел.

*Көркем әдебиет – ауыр артиллерия болса, публицистика – жеңіл кавалерия.

*«Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар.

*Мәдениеттің мәйегі – кітап.

* Ауыл кетсе, ұлттың ұйтқысы кетеді.

*Пейілі жаманды құдай табады.

*Шын жазушының көзі көкірегінде болады.

*Шындық – ащы һәм ажарсыз.

* Рухани азып-тозу – өліммен тең.

*Күйреген рухты қайта көтеру – міне, қазіргі таңдағы басты мақсат осы!

*Ана тіліміздің мәртебесін көтеру – басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес.

«Өзің өлме – өзгені де өлтірме» деген сөз. Зорлықпен тұншықтырылған қазақ тілін тірілту әрекеті. Осы да ұлтшылдық па? Жоқ, әлде әлдекімдердің көңіліне қарап өле беру керек пе?

*Ұйықтап жатқан құмырсқаны көрмедім. Бәрі қыбырлап-жыбырлап жем тасып бара жатады.

Біз ғой түске дейін ұйықтаймыз. Түстен кейін қыдырамыз.
Бай баласы байға ұқсайды,
Байланбаған тайға ұқсайды, – деген осы.
Жалқаумыз.

*Сақтасаң, қазаққа жау болған қазақтан сақта!

*Шикі долбар шикі ойдан туады.

*Рухани әлемі кең, рухы биік ел – қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де жеңіл.

*Театр көбейсе, түрме азаяды.

*Күнәнің ең үлкені – жас баланы алдау.

* Тура келген ажалға амал жоқ. Ал тежей тұруға болатын сәтте қолұшын бермеу нағыз тасқұдайлық.

Алтын бар жерде әзәзіл бар.

*Мойныңа қарыз қарғыбауын тағып алғаннан артық ауыр нәрсе жоқ.

*Тәуелсіздіктің жолы – қатты, дәмі – тәтті.

*Жаңаның тамыры – көне.

*Жер-ананың өкпе-бауыры – орман. Шыбық шаншы, тал тік!

*Өтірік мақтау – асқа у қосып берумен бірдей.

*Жау жаманы – жарамсақ.

*Онсыз да кірленген дүниені кір басқан дүрбімен қарауға болмайды.

*Рух пен намыс – егіз.

*Бір адамның рухсыз болуы – сор, ал тұтас ұлттың рухынан айырылуы – қасірет!

Бөлісу19Твит12
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6246 бөлісу
    Бөлісу 2498 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3117 бөлісу
    Бөлісу 1247 Твит 779
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3327 бөлісу
    Бөлісу 1331 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1600 бөлісу
    Бөлісу 640 Твит 400
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2049 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 512
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    879 бөлісу
    Бөлісу 352 Твит 220
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    824 бөлісу
    Бөлісу 330 Твит 206
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2413 бөлісу
    Бөлісу 965 Твит 603
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.