Пятница, 24 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бозымбаев Шерхан Мұртаза жайлы естелігін айтып халықты жылатты

Қанат Бозымбаев: Бақұл болыңыз рухтас Аға

10.10.2018
0
Бозымбаев  Шерхан Мұртаза жайлы естелігін айтып халықты жылатты

«Заңғар жазушы, кәсіби журналист, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза ағамыздың дүниеден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.

ШерАғам «Бір кем дүние» деп жүріп, бес күн фәни жалғаннан- келместің кемесіне мініп, мәңгілік мекенге аттанды.

Ғибратқа толы ғұмырында, қазақ руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосып, әдебиеттің «Тау тұлғасы» атанды. «Жегені жантақ, арқалағаны алтын» деп, тілшінің тірлігін һәм беделін түзеп, бекем етті.

Шәкірт тәрбиелеп, өзі жүрген даңғыл жолымен ұрпаққа үлгі бола алды. Оның жазушылығы мен журналистігі бір төбе, шымыр сөзден ұйқас ұйытып, өлең өретін ақындығы бір төбе еді.

Жамбыл өңірінде қызмет жасап жүргенімде, Ағамның шаңырағында жиі болып, дидарласып, кеңесіп тұрушы едім. Ержігіттің қар барысындай байыпты мінезді болғаны- оның бағы деп айтушы еді маған.

Шынтуайтында, ағаның шын есімі – Шері екенін біреу білсе, біреу білмес. Айбаты мен қайраты басым тек ұшар биік, қар басқан шыңда ғана өмір сүретін қазақ барысына байланысты қойылса керек.

Ең өкініштісі ұлттың дәстүрі, ділі мен тіліне, жалпы, ел тағдырына қатысты, қанатты сөздерін, шекпенінен шыққан шерлі дүниелерін енді, басылған баспа мен жазылған таспалардан,  өзі қаттаған кітаптардан ғана көріп, оқимыз.

Ағалық ақылыңыз, кемел кеңестеріңіз, орамды ойларыңыз  көкейімде әлі күнге дейін сайрап тұр. Өзіңізге деген құрметім мен ізетім, күн санап өспек. Сағынышқа айналар жарқын бейнеңіз жадымызда мәңгі сақталатынына бек сенімдімін.

Бақұл болыңыз рухтас Аға. Жаратқан жаныңызды нұрға бөлеп, мекеніңізде пейіштен етсін.

ШерАғаның отбасына, туған туыстарына және күлі қазақ руханиятына қайғырып көңіл айтамын.

Қанат Бозымбаев, энергетика министрі

Бөлісу8Твит5
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6023 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1379 бөлісу
    Бөлісу 552 Твит 345
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.