Қырғызстанда қазақстандық құс өнімдерін импорттауға тыйым салынды
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шараны заңсыз деп танып отыр
Қырғызстанның бас мал дәрігері мұндай қадамға баруға Қазақстанның оңтүстік және Солтүстік облыстарындағы құс фабрикаларында құстардың жоғары патогендік құс тұмауы және Ньюкасл ауруы инфекциясын жұқтыру күдігі себеп болғанын алға тартты.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шараны заңсыз деп тапты.
Аталмыш министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің оңтүстік аймағында соңғы 10 жылда құс аурулары тіркелмеген.