Басты жаңалықтар

Басында "аға" деп бетімді қайтарған: Бауыржан Сатов сүйіктісі Альбинамен қалай танысқанын айтып берді

Қос ғашықтың таныстығы Қуандық Рахымның Таразда өткен концертінде бастау алған екен. Бір қызығы, біраз уақыт бойы Альбина қасында жүрсе де, Бауыржан оны байқамапты

“Барлығында Альбина Қуандықпен бірге болатын шығар деген үміт болды. Қуандық пен Альбинаның концерті болды Тараз қаласында. 8-наурыз күні. Ол кешті біз Тәуекел Мүсілім екеуміз жүргізу керек болғанбыз. Келіп қыздарды құттықтаймыз, ол кезде байқамағанмын ғой, қасымда жүрген қыз. Тәуекел екеуміз шығып, концертті “жарамыз”. Сөйтіп концерттің 1 бөлімі бітеді, отырмыз шаршап. Бір кезде қарасам, сұлу қыз шай құйып отыр. Шайды құйғанын қойыңыз, бергені ерекше. Қолынан алсаң, бір жылу сезіледі. Шайын алдым, көзіне бір қарадым. Сосын Тәуекелге: “Мына қыз өте керемет екен, мен танысып көрейінші”, – дедім. Ол таныс, деді. Бауыржан танысуға ниет білдірген кезде Альбина оған “аға” деп қалып бетін қайтарған. “Мені “аға” деп жатыр, не істейін деп едім, Тәуекел қоя ғой деді. Көңіл-күйім жоқ. Концерт біткен соң Тәуекелмен Алматыға шықтық. Ол да көлігінде әдейілеп “Титаниктің” өлеңін қойып қойған. Романтикалық сезімім артып, осы қызбен жақынырақ танысайын дедім. Мен “аға” болғым келмейді дедім. Instagram деген ауру сол кезде басталған. Маған жазылшы деп айтқам ғой, жазылды, мәзбін. 5-10 минуттан кейін кірсем қайта шығып кетіпті. Неге “отписка” жасадың десем, сіз маған “подписка” жасамапсыз деді”, – деп күлді Бауыржан. Бауыржан Альбинаға құлай ғашық болғанымен, бірінші қадамға қыздың өзі барған. “Концерт біткен соң, қалай жеттіңіздер деп өзім жаздым. Себебі ол сурет сұрап жазған”, – дейді Альбина. Бауыржан Альбинаны құлай сүйіп қалғанын сол кезде-ақ түсінген, алайда неге екені белгісіз тағы 2-3 ай үнсіз жүрген. “Екі айдан кейін алғаш пікір жазғаны әлі есімде. “Красавица и чудовище” деген фильмнің тұсаукесері болып жатқан, мен соны жүргіздім. Сол орайда желіде әдемі пост жазып қойдым. “Түрің жаман болса да, жүрегің әдемі болсын” деген мағынада. Альбина соған қолдау білдіріп, пікір қалдырып қойыпты. Содан кейін болды, үйленемін дедім”, – деп еске алады Бауыржан. Бұдан кейін актер Альбинаның жүрегін жаулау үшін барын салған. Альбинаны киноға шақырып, бірнеше кездесуден кейін сезімін білдірген. Үйленуге ниетті екенін де жеткізген. “Жақсы қыз екенсің. 8-наурыз күні саған басым кеткен. Енді үйленемін дедім”, – дейді Бауыржан Сатов.