Түрмедегі ағасына жазба қалдырған Нағима Есентаева сынның астында қалды
Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуінің қарындасы Нағима Есентаева әлеуметтік желідегі парақшасында ағасы Бақытбек Есентаевқа өлең шумақтарын арнады
Атышулы продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың қарындасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ағасының суретін салып, астына астарлы өлең шумақтарын жазған.
"Алланың сынағынан аман-есен өтіңіздер. Алла қайырын берсін. Қазір Сіздер қиналғанмен, кейін олар қиналуы мүмкін. Құдай бәрін әлдеқашан есептеп қойған. Алла сабыр берсін" ,"Нағима ханым, өте дурыс жазылған терме екен, оқып жылағым келді. Ағаңыз аман-есен орталарыңызға оралсын", "Есентаев - азаматсың!", - деген пікірлер жазылса, енді біреулері Баянды қорғап шыққан.
Бұны көрген желі қолданушылары бірден ашуға булығып, өзінің пікірлерін жаудырды.
"Баянның көзге шөп салғанмен оны соққыға жығуға қақы жоқ! Біз Араб елдерінде немесе басқа жақта емес, Қазақстанда тұрамыз. Жарайды, ұрсын, бірақ пышақтағаны болмайды! Бұл адамның ақыл-есі дұрыс емес екендігін көрсетеді",
"Ағаңыз қылмыс жасады, бірақ сол сәтте оның қызбалыққа салынып кеткені 100%. Өзі ессіз сүйетін әйелінің көзіне шөп салғандығын білу үлкен бір соққы болды! Бірге сонша жыл өмір сүріп, екі бала тәрбиелеп отырған ол, оның адалдығына күмән келтірмейтін" - деп жазды қолданушылар. https://www.instagram.com/p/BoIoJ8ghKj_/?utm_source=ig_web_copy_link