Түркістан облысында үшемдер дүниеге келді
Түркістан облысында 32 жастағы тұрғыны осылайша бір күнде сегіз баланың анасы атанып отыр
Түркістан облысының 32 жастағы тұрғыны бір күнде сегіз баланың анасы атанды. Өңірде үшемдер дүниеге келді. Облыстық нөмері бірінші перинаталды орталықта туылған үшемдер бүгін перзентханадан шықты. Сарыағаш ауданының тұрғыны 32 жастағы Ұлжалғас Бақтыбаева сегіз баланың анасы атанды. Айберік, Байберік және Гүлсімді үйлерінде бес бауыры күтіп отыр. Сәбилер уақытынан бұрын туғандықтан, әрқайсысының салмағы 2,5 килодай ғана болған. Қазір анасының да, балаларының да жағдайы бірқалыпты,-дейді дәрігерлер. Көпбалалы ана балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Мерзімнен ерте дүниеге келген нәрестелерді дәрігерлер бір апта бойы жан-жақты бақылаған. Үшемдердің ата-анасының орталық дәрігерлеріне деген алғысы шексіз.