Басты жаңалықтар
Байқоңырда апатқа ұшыраған ғарыш кемесіне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды
- автор kyn.kz
- 11 қазан, 2018
- 204
Апаттың не себепті болғаны анықталды
Байқоңырдан ұшып шыққан зымыран апатының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды КТК.
Ғарыш кемесі бүгін, 11 қазанда, сағат 14:50-де апатқа ұшыраған еді. Бастапқыда зымыран ұшырылған соң бірнеше минуттан кейін апатты жағдай болғаны хабарланған.
Алайда небәрі 12 секунд ішінде апат болғаны белгілі болды. Экипаж мүшелері тез арада капсуламен ұшып шыққан. Апаттың болу себебі де айтылды. Зымыран қапталындағы төрт бөлігінің бірі бөлініп шыққанда екіншісіне соғылған. Сондықтан зымыран шайқалып кеткен.
«Роскосмос» ғарышкері әрі «Союз МС-10» зымыранының командирі Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хэйг зардап шеккен жоқ. Олар Жезқазған қаласы маңына қонды. Ғарышкерлер 50-ден аса биологиялық және медициналық тәжірибелер өткізуді жоспарлады.
Зымыранның қалған бөлігі Балқаш қаласы маңына құлауы мүмкін деген оболжам бар. Апат табиғатымызға қаншалықты зиян келтірілетін алдағы уақытта тексеріледі. Төтенше жағдай комитеті басшысы ғарыш кемесіне гептил қолданылмағанын алға тартты.
“Ғарыш кемесіне керосин мен оттегі қолданылды. Апаттың нақты қалай болғанын үкіметаралық комиссияның қорытындысынан кейін ғана біле аламыз.
Комиссия қорытындысына екі жақтан да тиісті орындардың өкілдері түгел қатысады”, – дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің төрағасы Владимир Беккер.