Әділетсіздік жасалды: Отандық танымал нумеролог Головкиннің не үшін жеңілгенін айтты
Нумеролог Клара Күзденбаева 16 қыркүйек күні болған Головкин мен Альварестің жекпе-жегінде қазақстандық боксшыға әділетсіздік жасалғанын айтты
"Головкинге ақпан айында болжам жасағанмын. Альварес нумерология бойынша спортшы емес. Ол допингте отырған адам. Мұны ақпан айында айтқан болатынмын.
Сол күні Головкиннің сәтті күні болатын. Оның өмірлік энергетикасы толы. Ол сол күні жеңуі тиіс болатын. Алайда оған әділетсіздік жасалды. Раундтар арасында Альвареске жаттықтырушысының дәрі беріп жатқаны да видеоға түсіп қалған.
Геннадий Головкин 40 жасында балалы болуы мүмкін. Оған 38,39,40,41 жасында сәтті болмақ. Ал 42 жасында үзіліс жасап, демалуы керек. Осыдан кейін 43-44 жасында жетістіктерді еңсереді", - деді Күзденбаева.