Ине салдырмаған, ернін үрлемеген: Келінін жер-көкке сыйғызбай мақтаған Гүлзира Айдарбекова көпті сүйсінтті (фото)
Айдарбекова: "Келінім-Қазақстандағы ең әдемі келіншек"
Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында келіні Жұлдызды мақтаған пост жазып, жұртты қызу талқыға салды. “Ең әдемі келіншек” деген ат берер едім, келісесіздер ма?- деп бастады сөзін,- Санай алмай мен жүрмін байлығымды, Қолыма әкеп қондырдың айды- күнді. Мың шүкірлік айтамын тәңіріме, Сен келгелі ұмыттым қайғы-мұңды. Аласұрған жүрекке ем шығарсын, Дариям-ау даламнан кең шығарсын. Әр адамда періште бар дейді ғой, Мендегі сол періште сен шығарсын. Нәзік жүрек сүйіктім қаршадайын, Келдің дағы орнаттың xан сарайын. Ғұмырымның қалғаны болса егер, Саған арнап өтейін шаршамайын. ..., Елемейтін дауылды өткен кеткен, Бүгін менің үйіме көктем жеткен. Оралмайтын жастығым оралғандай, Күлкісімен сәбиді сен тербеткен.... Естеріңізде болса осы "Періштем" әні, Қайраттың Жұлдызға арнаған әнінің сөзі болатын Біздің разылығымызды алып, шаңырағымызға көктем орнатқан Жұлдызыма бұл сөздер әбден лайықты ” – деп пікір білдірді Айдарбекова келіні Жұлдыздың суретін жариялап. Оқырмандардың бірі: “Қазақтың келіншектері ең әдемі! Жұлдыздан да сұлу, табиғи сұлу келіншектер бар”, – деп пікір қалдырған. “Жұлдыз нағыз табиғи сұлу жан болғандықтан, толық сеніммен жаздым. Ине де салдырмаған, ерінді де үрлемеген, көкіректі де жасанды ота жасамаған, тіптен татуаж да жоқ, жүрегі онан асқан сұлу. Бір әулет тұрмақ, сабырлылығымен бүкіл елді дүрліктірген жан. Одан да үлгі ал. Қазақстандағы әйелдер арасындағы сұлулықтың символы деуге тұрарлық, жас келіншектерге жолын берсін”, – деп жауап берген. https://www.instagram.com/p/Boxd6EDlcoE/?utm_source=ig_web_copy_link