Қазақтың заңғар жазушысы Шерхан Мұртаза Бауыржан Момышұлының жанына жерленді
Күні кеше азалы жұрт Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарған. Оған қазақтың зиялы өкілдері, жазушылар, министрлер мен депуттартар, Алматы қаласының әкімі және ҚР Мәдениет және спорт министрі де келді
Шерхан ағамызбен қоштасу үшін жұрт Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жиналды. Белгілі жазушымен қоштасуға келген адамдардың көп болғаны сонша, ине шаншарлық орын болмады. Ал, көптеген адамдардың рухани тәлімгері болған Шерағамыз Кеңсай зиратында Бауыржан Момышұлының жанына жерленді. Шерхан Мұртазаны соңғы сапарға аттандыруға келген зиялы қауым мен билік өкілдері есімі мәңгі ел есінде қалған Шерағаның өнегелі ғұмыры жайында тебірене толғанып, көпшілікке басу айтты. Қазақстандық журналистердің тәлімгері болған қаламгер шығармашылық жолын студент кезінде, Лазарь Лагиннің “Старик Хоттабыч” және Мұстай Кәрмінің “Радость нашего дома” туындыларын аударудан бастаған. Жащзушының “Құрылысшы Даку” атты алғашқы очерктер жинағы 1958 жылы жарық көріп, оқырмандарға ұсынылды. Шерхан Мұртаза “Қара маржан”, “Қызыл жебе”, романдарының, “Сталинге хат” пен “Бесеудің хаты” пьесаларының авторы. Алып тұлғаның қазасы бүкіл қазақ жұртының қабырғасын қайыстырды. Оны соңғы сапарға шығарып салуға келген халық, зиялы қауым Шерхан Мұртазаның өнегелі ғұмыры туралы сыр шетті. «Таза адам кетіп қалды, халықтың сүйеніші кетіп қалды деп, соған өкініп жатыр халық. Бұл кісі халқының нағыз патриоты еді. Өзін ешқашан ойлаған емес»,- дейді мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді. Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні әйгілі қазақ жазушысы Шерхан Мұртаза дүниеден озды. Белгілі жазушының қазасы туралы естіген Мемлекет басшысы Шерхан Мұртазаның отбасына көңіл айту жеделхатын жіберді. Ал кеше Алматыда Шерхан Мұртазаны соңғы сапарға шығарып салды.