Суббота, 25 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақтың заңғар жазушысы Шерхан Мұртаза Бауыржан Момышұлының жанына жерленді

Күні кеше азалы жұрт Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарған. Оған қазақтың зиялы өкілдері, жазушылар, министрлер мен депуттартар, Алматы қаласының әкімі және ҚР Мәдениет және спорт министрі де келді

12.10.2018
0
Шерхан Мұртаза өмірден озды

Шерхан ағамызбен қоштасу үшін жұрт Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жиналды. Белгілі жазушымен қоштасуға келген адамдардың көп болғаны сонша, ине шаншарлық орын болмады.

Ал, көптеген адамдардың рухани тәлімгері болған Шерағамыз Кеңсай зиратында Бауыржан Момышұлының жанына жерленді.

Шерхан Мұртазаны соңғы сапарға аттандыруға келген зиялы қауым мен билік өкілдері есімі мәңгі ел есінде қалған Шерағаның өнегелі ғұмыры жайында тебірене толғанып, көпшілікке басу айтты.

Қазақстандық журналистердің тәлімгері болған қаламгер шығармашылық жолын студент кезінде, Лазарь Лагиннің “Старик Хоттабыч” және Мұстай Кәрмінің “Радость нашего дома” туындыларын аударудан бастаған.

Жащзушының “Құрылысшы Даку” атты алғашқы очерктер жинағы 1958 жылы жарық көріп, оқырмандарға ұсынылды.

Шерхан Мұртаза “Қара маржан”, “Қызыл жебе”, романдарының, “Сталинге хат” пен “Бесеудің хаты” пьесаларының авторы.

Алып тұлғаның қазасы бүкіл қазақ жұртының қабырғасын қайыстырды. Оны соңғы сапарға шығарып салуға келген халық, зиялы қауым Шерхан Мұртазаның өнегелі ғұмыры туралы сыр шетті.

«Таза адам кетіп қалды, халықтың сүйеніші кетіп қалды деп, соған өкініп жатыр халық. Бұл кісі халқының нағыз патриоты еді. Өзін ешқашан ойлаған емес»,- дейді мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді.

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні әйгілі қазақ жазушысы Шерхан Мұртаза дүниеден озды. Белгілі жазушының қазасы туралы естіген Мемлекет басшысы Шерхан Мұртазаның отбасына көңіл айту жеделхатын жіберді. Ал кеше Алматыда Шерхан Мұртазаны соңғы сапарға шығарып салды.

Бөлісу10Твит7
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6248 бөлісу
    Бөлісу 2499 Твит 1562
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3138 бөлісу
    Бөлісу 1255 Твит 785
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3328 бөлісу
    Бөлісу 1331 Твит 832
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1486 бөлісу
    Бөлісу 594 Твит 372
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1602 бөлісу
    Бөлісу 641 Твит 401
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2050 бөлісу
    Бөлісу 820 Твит 513
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    886 бөлісу
    Бөлісу 354 Твит 222
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    833 бөлісу
    Бөлісу 333 Твит 208
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2413 бөлісу
    Бөлісу 965 Твит 603
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1561 бөлісу
    Бөлісу 624 Твит 390
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.