Басты жаңалықтар

Тауларым бар: Өзін Алматыға теңеген Ерке Есмахан жұртқа жақпай қалды (фото)

Өзін Алматыға теңемек болған Ерке Есмаханың айтқанын көпшілік дұрыс түсінбей, әншіні  сөгіп тастады

"Менен біреу "Өзіңізді қай қалаға ұқсатасыз" деп сұраса, Алматыға ұқсаймын дер едім. Алматының ауа-райы сияқты мінезім құбылмалы. Алматы сияқты әдемімін. Тауларым бар. Алматы үнемі ән салып тұрады ғой, сол сияқты мен де ән айтып жүрем", - деп жазған әншіні оқырмандары жерден алып жерге салған.

"Тау" деп әдемілемей, айта салмадыңыз ба?" ,"Ұят-ай! Ашық жаза салмадыңыз ба?", " Біздің әншілер бір жерге аунамаса, суретке түсе алмайды өзі", "Өзіңізді жарнамалаудың жаңа әдісін тауыпсыз ғой",  "Сенікі тау емес, төбе ғой. Қалжың, ренжімеңіз", "Әншілер хайп қуамыз деп, ақылынан алжасатын шығар" деп пікір білдірді.

https://www.instagram.com/p/Boy8dNsH63y/?utm_source=ig_web_copy_link