Алматы әкімінің әйелі жаңа қызметке тағайындалды
Бауыржан Байбектің әйелі бұдан былай Астана қалалық сотының судьясы қызметін атқарады
Белгілі болғандай, үкімге мемлекет басшысының өзі қол қойған. Бүгіннен бастап Бауыржан Байбектің жары Жанар Байбек жаңа қызметке тағайындалды. Бұған дейін Жанар Байбек елордадағы Есіл аудандық сотында судья болып жұмыс істеген. Айта кетейік, 2017 жылы БАҚ құралдары Жанар Байбектің декреттік демалыста екенін хабарлаған болатын.