Апатқа ұшыраған «Союз» зымыранының қалған бөлшектері табылды
Байқоңырдан ұшып апатқа ұшыраған зымыран бөлшектері табылды.
Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Талап ауылынан 40 шақырым жерде зымыранның бірінші, екінші, үшінші баспалдағы табылды. Зымыран бөлшектері құлаған аумақта өрт болмаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. «Бүгін күндіз Жезқазған қаласында орналасқан №1 Ресей базасының және құралдарының күшімен ғарыш кемесінің баспалдақтары табылды», – делінген хабарламада. 11 қазан күн Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі апатқа ұшыраған еді. Ғарыш кемесінің не себепті апатқа ұшырағаны туралы ақпарат жарияланды. Экипаж мүшелері тез арада капсуламен ұшып шыққан. Қазір өздерін жақсы сезінеді.