Метрі 2000 теңге: Ұзату тойындағы көйлекті өзі тігіп алған Еркенің сіңлісі көпті тәнті етті (фото)
Ерке Есмаханның осыған дейін беймәлім болып келген сіңлісі Ақбөпе Әбдіраш өзінің ұзату көйлегін метрі 2000 теңге тұратын матадан тігіп алғанын жасырмай айтты
"Ұзату көйлектің мен үшін жарасымдылығы мен қарапайым болғаны маңызды. Ұзату тойына 2 күн қалғанда көйлекті тігуді бастадым. Оның үстіне артық шашылуды ұнатпаймын.
Бір күндік салтанатқа 300 мың теңгені су сияқты ағызып жіберу ұяттау болады. Оның үстіне ұзын етектің жердің барлық шаңын сыпырып жүретіні тағы бар.
Сонымен метрі 2000 теңгелік матаның он метрін сатып алдым. Қосымша астары мен сырғымасы, жібін есептегенде 25 мың теңге кетті. Айтпақшы, бетімде бір тамшы бояу жоқ", - деп жазған Ақбөпе Instagram парақшасында.
https://www.instagram.com/p/BotCzl7h9-i/?utm_source=ig_web_copy_link