Басты жаңалықтар

Алматыда 19 жастағы ана өз баласын өлтірді деп күдіктелуде

Алматы облысында 19 жастағы әйел өзінің 1,5 жастағы сәбиін өлтірді деген күдікке ілінді

Облыстық ІІД мәлім еткендей, жантүршігерлік қылмыс 10 қазан күні Талғар ауданындағы ауылдардың бірінде орын алған. Дәрігерлер сәбидің көз жұмғанын мәлім еткен.

Алдын ала сараптама нәтижесі оның тұншығып өлгенін көрсетті.

Осыдан кейін аса ауыр қылмысты жасаған нәрестенің анасы деген күдік туындаған. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, 19 жастағы ананы уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.