Назарбаева заңды халыққа дұрыс түсіндіре алмайтын шенеуніктерді сынға алды
Дариға Назарбаева мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметінің жұмысы мен қазақстандық заңдарды түсіндіре алмайтын шенеуніктер туралы ойын айтты
Сенатор олардың істеріне көңілі толмайтынын жеткізді. Назарбаеваның сөзінше, көптеген мәселелер қазақстандықтар үшін түсініксіз болып қала береді.
"Теледидар көріп отырған қарапайым көрермен министрдің девальвация туралы, инфляция нарығы мен таргетинг туралы сөздерін қалай түсінеді? Мұның барлығы шетелдің сәнге айналған, әдемі сөздері",- деді ол.
Назарбаеваның сөзінше, көп жағдайларды тек кішігірім аудитория ғана түсінеді. Ал сенатор барша халық ұға алатын жол табу қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, ол шенеуніктердің басым бөлігі өз заңдарымызды халыққа қарапайым тілмен айта алмайтынын жеткізді.