Басты жаңалықтар

Астаналыққа шабуылдаған полиция қызметкері жұрттың ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде құқық қорғау органы қызметкеріне ескерту жасаған азаматқа полицейдің шабуылдаған видеосы тарап кетті

Әлеуметтік желідегі парақшасының бірінде жарияланған видеоға оқиға кейіпкері жазба қалдырып, полицейдің өзіне күш көрсеткенін мәлімдеген.

"Маған полиция мойоры шабуыл жасады. Оқиға былай болды. Мен одан автобус аялдамасына қойып қойған көлігін  шетке алуын сұрадым. Бірақ ол менің айтқанымды елемей кетіп қалды.

Біраз уақыт өткен соң қайтып келді. Мен оны видеоға түсіре бастаған едім, бірден тап берді. Телефонымды алып қоймақ болды. Сондай-ақ мені итеріп, қолымды қайырып, оны түсіргенім үшін айыппұл төлететінін айтып қорқытты.

Бізді жолаушы жігіт ажыратып, майорды тыныштандырды. Осыдан кейін полицей көлігіне отырып, кетіп қалды. Мен бірден 102-ге қоңырау шалып, болған істі баяндадым, кейінірек арыз жаздым. Енді қандай шешім шығаратынын көреміз", - деп жазған жәбірленуші.

https://www.instagram.com/p/Bo1U60mHEe7/?utm_source=ig_web_copy_link

ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев аталмыш іс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, оқиғаның мән-жайы толық анықталатынын жеткізді.