Алматылық әйел пластикалық отадан кейін тіл тартпай кетті
Алматыда әйел адам жеке меншік емханада пластикалық ота жасатып көз жұмды
Белгілі болғандай әйел емханада пластикалық ота жасатқан. Қалалық ІІД мәліметінше, полиция “медицина маманының фармацевтика қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы кесірінен абайсызда адам өліміне әкелу” бабы бойынша тергеу бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бүгінде іс Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментің бақылауында.