Басты жаңалықтар

Құрбысының жаназасында билеген 4 қыз көптің ашуына тиді (видео)

Таиландта қайтыс болған қызға көмектескілері келген  қыздар   құрбыларының жаназасында клубтық әнді қосып қойып, би билеген 

“Жас қыздар құрбысының жанын көкке аттандыру үшін оның кремациясында би билуде” деген видео әлеуметтік желісінде жарияланған. Видеодан 4 қыздың музыка ойнап тұрған көліктің жанында тұрып, заманауи биді билеп тұрғандарын көруге болады. Сондай-ақ, көліктің жүксалғышында дискотека арналған жарық беретін жабдық тұрған. Қыздардың біреуі көлікке сүйеніп, жылап жатты. Желі қолданушылары қайтыс болған қыз бен оның құрбыларын “койоталар” деп атады. Бұл елде клиенттердің көңілін көтеру үшін гоу гоу билейтін қыздарды осылай атайды.