СҚО-да кәсіпкер туған ауылына 58 млн теңгеге мектеп салып берді
Пеш жағып, су тасымайтын тұрғыдар қаладағылардан кем тұрмайтынын айтады.
СҚО-да кәсіпкер туған аулына естен кетпес сый жасады. Жомарт жан 1967 жылдан бері тұрған мектептің қабырғасын ғана қалдырып, жаңа білім ордасын салып берген.
Сонымен қатар қайырымды жан ауылына балабақша, емдеу мекемесі, тұрғын үйлер салуға өз үлесін қосқан деп хабарлайды Хабар 24.
Ауылына жұртшылығына қуаныш сыйлаған кәсіпкердің есімі-Біржан Шәймерденов.