Жұлдыз: Қайрат қызғанғандықтан он жыл үйде отырдым
Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет өзі отбасы жайлы толық айтты.
Бүгінде есімі дүркіреп тұрған Қайрат Нұртастың келіншегі, төрт баланың анасы Жұлдыз Әбдікәрімова тележүргізуші атанып, халықтың өзіне деген қызығушылығын бұрынғыдан да арттыра түскен сыңайлы. Әбдікәрімова Ләйлә Сұлтанқызына алғаш рет сұхбат беріп, өзі отбасы, әнші күйеуі туралы ашық баяндады. "Біздер қайратпен студент кезден бастап көңіл қостық. Үйленбей тұрып, актриса мамандығы бойынша театрға жұмысқа орналастым. Сол кезде Қайраттың маған айтқаны әлі есімде. "Үйленеміз. сен үйде отырасың" деді. Ол расымен мені қызғанады. Содан мен ойлана келе егер отбасын құрып жатсақ, неге үйде отырмасқа деп келісімімді бердім. Журналистер Қайраттың әйелі екенімді білгеннен кейін сұхбатқа көптеп шақыра бастады. Ондай шақыртулардан да өзім бас тарттым. Отбасымызда екінші анам елдің алдында, күйеуім халықпен бірге, сондықтан менің де үйде отырғаным туралы айтып көрінген жерден сөйлей бергенім орынсыз болар дедім",-дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.