Жұлдыз: Үшінші перзентімді қыз дегенде "алдырып" тастаймын деп жыладым
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қыз баланы дүниеге алып келгісі келмей екі рет түсік жасатпақшы болған.
Жұлдыз Әбдікәрімова тұрмысқа шығысымен араға жыл салып үш перзентті қатар алып келгенін, үшінші баланы мамандар "қыз болады" деген кезде бірнеше рет түсік жасатуға оқталғанын айтып берді. Бұл туралы актриса Ләйлә Сұлтанқызымен болған сқхбатта баяндады. "Екі қызымның арасы бір жас. Екінші қыздың өзін дүниеге алып келгім келмей жылағаным бар. Жалпы қыз баланың өміріне алаңдаймын. Тек ұл баланы дүниеге алып келгім келетін. Енем "Ол менің қызым болады. Үйде қыз жоқ. Оның несі жаман. Қыз деген қайта жақсы" деп көндірген. Содан бір күні Түркістанға екі қызымды алып, пойызбен шықтым. Жолсерік кісі қасыма қайта-қайта келіп. "Қызым, саған айтпасам болмайды. Мені қинап жатыр. Мақсатым саған үшінші балаңды "алдыруға" болмайтынын түсіндіру. ол ұл болады. Ешкімге сенбе, алдырып тастаушы болма деді." Мен ол кезде түк сенбедім. Ол ағай ескертті "сенбей тұрсың түсінем, сосын есіңе осы әңгімемізді түседі. Сол кезде осы аманатымды ұмытпашы" деді. Содан расымен біраз уақыттан кейін тағы жүкті екенімді білдім. Үшінші жүктілік кезінде ол дүниеге келгенше мамандар оны "қыз" деп айтты. Содан, "алдырып" тастаймын деп талай оқталдым. Қайрат пен ата-анамыз күнде түсіндіріп, маған тоқтау айтты. Қызығы сол, дүниеге келген кезде оның ұл бала екенін көріп, мамандар да өзіміз де қайран қалдық",- дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.