Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Садриддин Ахмедов мексикалықты 57 секундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық Әлем чемпионы кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтады

14.10.2018
0
Садриддин Ахмедов мексикалықты 57 секундта нокаутқа түсірді

Жастар арасында әлем чемпионы атанған Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Орта салмақта жұдырықтасатын 20 жастағы отандасымыз  кезекті жекпе-жегін Монреальда (Канада) өткізді. Оның қарсыласы мексикалық Хавьер Хесус Мендоса (7-5-1, 6 КО) болды.

Алты раундқа есептелген жекпе-жектің 57-ші секундында Ахмедов техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша Садриддин кәсіпқой бокстағы төрт жекпе-жегін де нокаутпен аяқтап отыр, ал Мендоса карьерасында алтыншы мәрте жеңіліске ұшырады, деп хабарлады Sports.kz.

Айта кетейік, канадалық БАҚ Ахмедовтың болашағы жарқын екенін жарыса жазып жатыр. Мысалы, Boxrec.com журналисі Филипп Сент-Мартен: «Мына жігітті назарда ұстаңыздар! Оның бойында ұлы карьера жасауға қажеттінің бәрі бар!», — деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні жеңіліп көрмеген тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіби рингтегі 13-ші жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік.

23 жастағы WBC жастар белбеуінің иегері АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Месе қаласында белбеу үшін жекпе-жек өткізді.

Қазақстандық спортшының қарсыласы 27 жастағы мексикалық Джовани Хавьер Гомес болды. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундта-ақ аяқталды. Бұған Ахмедовтің қарсыласының бауырынан қатты соққы жасауы себеп болды.

WBC белбеулер жүйесіне кіретін NABF (Солтүстік Американың бокс федерациясы) Junior чемпиондық титулы бәске тігілген-ді.

 

 

 

Бөлісу5Твит3
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3814 бөлісу
    Бөлісу 1526 Твит 954
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6320 бөлісу
    Бөлісу 2528 Твит 1580
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1084 бөлісу
    Бөлісу 434 Твит 271
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3368 бөлісу
    Бөлісу 1347 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    599 бөлісу
    Бөлісу 240 Твит 150
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    559 бөлісу
    Бөлісу 224 Твит 140
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    457 бөлісу
    Бөлісу 183 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.